Жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама
28
февраль
2022

Жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама

«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ жемқорлық  тәуекеліне  ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама

2021  жылдық


Сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауын жүргізу мақсатында 2021 жылдың 14 желтоқсанғы  күнгі № 135 бұйрығы негізінде «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ жанынан келесі құрамдағы жұмыс тобы құрылды:


  1. Ж.У.Тлегенова -   кәсіподақ ұйымының төрайымы, жұмыс тобының жетекшісі. 
  2. Сайдиева Ф - әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, жұмыс тобының мүшесі. 
  3. М.Б.Байбинова – «Адам және қоғам» пән мұғалімі, жұмыс тобының мүшесі.
  4. Ж.Б.Ашимова – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жұмыс тобының мүшесі, хатшы.   

                                                                       

Талдау түрі: «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ жұмысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдаудың мақсаты мен міндеттері: 

  • Сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің себептерін анықтау;
  • Сыбайлас жемқорлықты болашақта алдын алып, болдырмау.

Талдау мерзімі: 2021 жыл

«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде азаматтық қызметкерлердің саны - 71, педагог қызметкерлер - 50, қамту қызметкерлерінің саны - 21, бос лауазымдық орын жоқ. Барлық педагогикалық кадрлар қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді, барлығының арнайы педагогикалық білімі бар. Жоғары білімді – 43,  орта арнайы білімді- 7 ұстаз. 2021 жылы қабылданған педагог қызметкерлер саны – 8, қамту қызметкерлер  саны - 9 (оның ішінде  5 –уі маусымдық).  Барлығы -17. 

 2021 жылдың жыл бойы еңбек тәртібін бұзып, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзып, жұмыстан босатылған  қызметкерлер жоқ. 

Бұрын жемқорлық құқықбұзушылық жасаған, қылмыстық іс жасаған тұлғаларды  жұмысқа қабылдау болған емес.

Мектеп қызметкерлерін біліктілігін арттыру курстарына жіберу және кезекті аттестаттаудан өткізу 2021 жылға арналған перспективтік жоспарға сәйкес жүргізіледі. 

 2016 жылының наурыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде мектептің педагог қызметкерлері аттестаттаудан өтті. Санаттарын жоғарылатып, растауға 5 ұстаз өтініш білдірді.  Мектепішілік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша аттестаудың бірінші кезеңінен теріс нәтиже көрсеткен  ұстаз жоқ.  5 ұстаз педагог -  модератор санатына өтті. 

2021 жылында бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сай «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ 65 мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде  сатып алу бір көзден – 54, товарлық биржа арқылы – 1, баға ұсыныстары арқылы – 9, ашық конкурс – 1.  Бір көзден таңдау әдісі кезінде мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген жеткізушінің ұсынған бағалық ұсынысы, балама  ұсыныстары алға қойылады. Мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылықтар болған жоқ.   ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабының 4 тармағы негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына   бір рет қана өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Барлық келісім шарттарға қол қойылған, қысқа мерзімділері, ұзақ мерзімділері 2021 жылдың аяғына дейін орындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген, 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы № 1189 Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа Реестріне енгізілген өзгерістерке сай «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік 6 қызмет түрін  көрсетеді, ал жыл ішінде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 85.  Тегін ыстық тамақпен қамту және оқушыларды тасымалдау мемлекеттік қызмет саны – 175.  Барлығы – 260.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген қағиданы ұстанып, мектеп қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мұғалімі мен кәсіподақ ұйымының төрайымы тарапынан құқықтық оқылымдар, сауалнамалар, пікіралмасу отырыстары  мектепішілік жоспарға сай жүргізіледі.

«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар бойынша бұрыштар, «Сенім» телефондары мен «Сенім» жәшіктері дәлізде орналастырылған. 2021 жылдың 12 айы бойынша «Сенім»жәшігі мен «Сенім»телефонына түскен өтініштер болған жоқ. 

Педагогикалық қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта отырыстар, оқулар өткізіледі. 

Оқушыларының құқықтық білімін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлқын қалыптастыру мақсатында балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, 1-4 сыныптар арасында көркем сурет сайысы, 5-8 сыныптар арасында шығарма, эссе байқаулары, 9-11 пікіралмасу, дөңгелек үстел, отырыстар жоспарға  сәйкес жүргізілді.  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әрбір оқушы тегін білім алуға құқылы. Сондықтан да мектеп әкімшілігі, ұстаздары тарапынан оқушылардан қаражат жинауға тиым салынған. Мектептің сыбайлас жемқорлық әрекетін алдын алу әрі болдырмау мақсатында, заңсыз түрде ақша жинау фактілерін болдырмау мақсатындағы іс-шаралар жүргізіледі. 


Жұмыс тобының жетекшісі:                                                          Ж.У.Тлегенова


Жұмыс тобының мүшелері:                                                           Ф.Сайдиева

                                                                                                Ж.Б.Ашимова

                                                                                                М.Б.Байбинова