Мектеп бітіру кеші 2017 жыл » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп бітіру кеші 2017 жыл
13
июнь
2017

Мектеп бітіру кеші 2017 жыл

«Ұлан ауданының білім бөлімі»ММ

«М.Ломоносов атындағы орта мектеп»КММ

 

Мектеп бітіру кеші туралы ақпарат


      12 маусым  күні  М.Ломоносов атындағы орта мектебінде   «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс шараға түлектер, оқушылар, ұстаздар, ата аналар және қадірлі қонақтар қатысты.  Салтанатты жиын сағат 16.00-де басталды. Жүргізушілердің  таныстыру сөздерімен  ортаға  сынып жетекшісі М.Байбинова және 11 сынып түлектері  шықты. Мемлекеттік Туға тіктеліп, ҚР әнұраны орындалды.  Кештің ашылу салтанатын мектеп директоры М.Е.Шемпаевқа берілді.2016 жылдың мектеп түлегі кеңесінің мүшесі, Өскемен педагогикалық колледждің ІІ курс студенті Тарғынов Әділғазыға  құттықтау сөз берілді. 10 сынып қыздары  және 4 сынып биші Назарханова Айзеренің орындауындағы  «Модерм» биі түлектердің және ұстаздардың құрметіне арналды.

Аттестат  беру салтанаты  мектеп директоры Шемпаев Марат Есимханович және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Калиева Гаухар Картаевнаға 11 сынып оқушыларына аттестат және мадақтама қағаздарын табыстады. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің топ түлектері  өздерінің  тілектерін айтып Туды  «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Ерикова Айымға табыстады.

Ата аналар тарапынан 11 сынып түлегі Амантаев Жасұланнің апасы Күлшира апа ұстаздарға өз тілегін айтып алғысын білдірді. Келесі кезекте талай жылдар бойы ұстаздық саласынада еңбек етіп, биылғы жылы зейнеткерлікке шыққан ұстаз Хасен Сырымбек құттықтау тілегін айтып,  түлектерге  жарқын  болашақ тіледі.

4 сынып оқушысы Ерболат Гаухардың және 11 сынып түлектерінің орындауында «Ұстазым» әнін орындап, ұстаздарына өлең жолдарын арнады. Көрермендер назарына   «Қоштасу вальсін» мектеп түлектері ұсынды.

 

Мектеп бітіру кеші 2017 жыл

 

Мектеп бітіру кеші 2017 жыл