ШҚО "Дала дидары" өнер фестивалінің қорытындысы
17.11.2021ж Шығыс Қазақстан облыстық Өнер мұражайында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Дала дидары» өнер фестивалі болып өтті. Өнер фестиваліне Ұлан ауданының бейнелеу өнерінің суретшілері мен қолөнер шеберлерінің жұмыстары көрмеге қойылды.
Көрмеде «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ-нде жұмыс атқаратын көркем еңбек пәні мұғалімдері Калиева Гаухар Картаевнаның тоқылған кілем жұмыстары мен Рахимбаева Жанагуль Маданьятовнаның сурет жұмыстары орын алды. Сондай ақ шәкірттері Бауыржанқызы Іңкәр, Арынқұл Әсем, Едилханов Алиханның туындылары көрмеге сән берді. Аталған оқушылар мен мұғалімдер өнер фестивалінде шебер сынып көрсетті. Көрмеге келушілер шебер сыныпқа қатысып, ауылды аймақтарда қолдарынан бал тамған өнерпаздардың әлі де бар екеніне тәнті болды.Киізге құрғақтай инемен бейнелеу (фелтинг әдісі) шебер сыныбын Арынқұл Әсем, Бауыржанқызы Іңкәрдің кілем тоқу, Едилханов Алихан жас суретшінің туындыларына қызығушылар көп болды.
