Өзін-өзі бағалау
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өзін-өзі бағалау
2021-2022 оқу жылы
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«Күнделік.kz»
«Инстаграмм» -: Lomonosov_2020
Мектеп сайты-http://mamai-batyr.ulan.edu.kz/
ҰБДҚ (НОБД) – URL: https://nobd.iac.kz/
«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, Тәуелсіздік көшесі 48 үйдегі 2 қабатты ғимаратта орналасқан. 2001 жылы 304 орынға арналып салынған, 1999 жылы 24 желтоқсанда алғашқы тіркелген типтік мектеп. Жалпы орта білім беру құқығын растайтын мерзімі шектелмеген. Мемлекеттік лицензия негізінде оқу-тәрбие ісін қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізеді. (№KZ86LAA00020575, 27.01.2021 жыл)
Мемлекеттік мекеменің Жарғысы (Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпан №68 қаулы) бар. Мектептің жалпы ауданы – 3561,9 шаршы метр. 2008 жылы мектеп шатыры қайта жөндеуден өткізілген.Оқыту тілі: Аралас.
Оқыту түрі күндізгі, екі ауысымда оқиды. 2021-2022 оқу жылында 19 сынып комплектісі бар, І ауысымда -13 сынып комплекті - 177 оқушы, ІІ ауысымда – 6 сынып комплекті -87 оқушы. Даярлық сыныбында 2 топ бар, барлығы -26 тәрбиеленуші, барлығы – 290 бала.
Мектепте:
- 1 информатика кабинеті (16+1)
- Мектептің интернетке шығу желісі (Биллайн)
- Медициналық кабинет (Жалға берілген)
- 1-4 сыныпқа жас ерекшеліктеріне сай парталар бар (Тек екі сыныпта ғана)
- Мектеп шеберханасы (қыздардыкі -құрал-жабдықтары ескірген, ұлдардыкі - құрал-жабдықтары -жоқ)
- Кітапхана
- Асхана (құрал-жабдықтары, ыдыс аяқтары, 1-тоңазытқыш,1-мұздатқыш бюджет қаржысына алынған, жалға берілген)
- Спортзал
- 1 химия кабинеті (2012 ж жабдықталған)
- 1 физика кабинеті (2018 ж жабдықталған)
- 1 биология кабинеті (2018 ж жабдықталған)
- 1 робототехника кабинеті (2018 ж жабдықталған)
Мектептің жылуымен қамтылуы жергілікті, 2006 жылдан бастап электрлі жылыту жүйесіне енгізіліп, үш ЭПЗ-100 электрлі су жылытқышы қойылған.
2020 жылы тұрған пештердің тозып, күюіне байланысты ЭПЗ-100 электрлі су жылытқышына керек құрал- саймандары шығарылмау себебті жаңа үш КЕЛЕТ ЭВН-К-144Р электрлі су жылытқыштары және де К45/30 маркалы үш электрлі сорғылар қойылды . Мектеп ғимаратын жылытуға екі пеш іске қосылған+ бір пеш резервте тұр.
Жылыту пештерін, электрлі сорғылардың дауысы қатты шықпас үшін 2020 жылдан бастап мектеп ғимаратының жертөлесіне ауыстырылып орнатылды, бұрын мектеп ғимаратының бірінші қабатында болған.
Мектеп өрт кезінде дыбыспен хабарландыру қондырғыларымен қамтамасыз етілген.Қабаттар саны-2+жер төлесі, ғимараттың көлемі-19685 ш.м. Оқу кабинеттер саны – 21 және 3 лаборатория кабинеті бар, олардың ауданы 453 ш.м. Медпункт (12,5 ш.м) және кітапхана (74,9 ш.м), спортзал (303,9 ш.м) бар. Мектептің 1,2 қабаттарында ақпараттық стендтер ілінген.Мектептің кей сыныптарының жиһаздарын толығымен ауыстыру қажет етеді.
Жиһаздардың орналасуы СанПин талабына сай қойылған. Сабақ кестесі оқу жоспарымен сәйкес құрылған санитарлық талапты сақтай отырып жасалған. Сабақ кестесі тұрақты және мектеп директорымен бекітілген. Мектепте жылу тәртібі ұсталынады, әр кабинетте және дәліздерде жылуды тексеру құралдары ілініп тұр. Мекемеде жарықтың тәртіп талабы сақталған. Мектептің электр плафондары бар, қазіргі санитарлық нормаға сай. Физика, химия, биология кабинеттерінде зертхана жұмысына қажетті приборлар бар.
Кабинеттер бойыншы
- Мектеп бойынша 1 информатика кабинеті бар, 2018 жылы республикалық бюджет есебінен 16+1 комплект компьютерлер берілді. Компьютерлік сынып бөлмесі проектор, экран, ноутбук құрылғылары бар, толық жабдықталған. Компьютерлердің орналасуы санитарлық талапқа сай, барлық техникалық қауіпсіздік ережелері сақталады. Сынып бөлмесінде арнайы құм салынған жәшік, көбікті өрт сөндіргіш құрал бар. Оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша оқу жылы басында нұсқау жүргізіліп, арнайы журналға қолдары қойылған. Кабинет меңгерушісі: Серибол Ибагат - жас маман, еңбек өтілі 5 ай.
- Химия кабинет саны-1, сынып бөлмесінің ауданы -66 ш.м, 2012 жылы толық жабдықталған. Сынып бөлмесінде интербелсенді тақта, компьютер, проектор бар. Сынып бөлмесінде арнайы құм салынған жәшік, көбікті өрт сөндіргіш құрал бар. Оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша оқу жылы басында нұсқау жүргізіліп, арнайы журналға қолдары қойылған. Кабинет меңгерушісі: Сергазынова Арай Серғазықызы, білімі жоғары, еңбек өтілі 14 жыл.
- Биология сабақтарына арналған сынып 2018 жылы жабдықталған, ауданы 51,4 ш.м , биология кабинетінің зертханасы бар. Биология кабинеті және зерхана толық жабдықталған. Сынып бөлмесінде интербелсенді тақта, компьютербар, зертханалық практикалық жұмыстарға қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Кабинет меңгерушісі: Серибол Рис.
- Физика кабинетінің ауданы 58,2 ш.м , зертханасының 7,2 ш.м . Кабинет 2018жылы толық жабдықталған. Физика кабинетінде арнайы стенд жасалған . Кабинетте кабинет паспорты бар.Мұнда қауіпсіздік техникасының ережелері, кабинет актісі, оқу кабинетіндегі оқыту техникалық құралдарының тізімі, оқу кабинетінің пайдалану ережесі жазылған. Кабинетте өрт сөндіруге байланысты құм және өрт сөндіруші құрал, дәрі-дәрмек қобдишасы бар. Физика пәні мұғалімінің сабаққа қажетті дидактикалық материалдары, көрнекіліктері, үлестірме карточкалары бар, зертхана жұмыстарына арналған оқушы дәптерлері, электронды оқулықтар бар. 7-8 сыныптарға арналған сабаққа қажетті көрнекілікке таблицалар бар. Көрнекілікке дайын құралдар бар, әр сабақтарда қажетті жұлдыздар картасы бар . Компьютер, интербелсенді тақта , принтер, камера фотоапарат және зертханада барлық приборлар бар. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне арналған стенд , қауіпсіздік журналы бар. Кабинет меңгерушісі: Чүкүева Бақытжан Қазезқызы.
- Технология сыныбы (қыздар) құрал-жабдықтары ескірген, жаңартуды талап етеді. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне арналған стенд , сынып бөлмесі эстетикалық талапқа сай безендірілген, қауіпсіздік журналы бар. Кабинет меңгерушісі: Калиева Гаухар Картаевна
- Технология сыныбы (ұлдар) құрал-жабдықтары мүлде жоқ, пән мұғалімінің жеке сатып алған кішігірім құралдарымен жүзеге асырылып жүргізіледі. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне арналған стенд , қауіпсіздік журналы бар, сынып бөлмесі эстетикалық талапқа сай безендірілген. Кабинет меңгерушісі: Рахимбаева Жанагуль Маданьятовна.
- Асхана жоба бойынша мектеп ғимаратында болмаған, 2008 жылы мектептің бірінші қабатындағ № 7 кабинетті (бұрын ұлдар шеберханасы болған) жалпы аумағы 56.5 ш.м бөлмені, 19 ш.м ас зірлейтін жер, 35,5 ш.м ас ішетін жерғып өз күшімізбен ортасын бөліп асханаға бейімдедік. Асханаға керекті заттар(тоңаздытқыш, мұздатқыш, (электорлы пеш, су жылытуға бойлер, сөрелер, беті темірмен қапталған столдар өз қолымызбен жасалып) түгел алынды , су тартып, жел сорғыш (вытяшка) қойылып 2009 жылдан бастап асхана жұмыс істеп тұр. 2014-2021 жылдар аралығында асхана жеке кәсіпкер Калиева Гулдариғаға берілген, санитарлық ұйғарым 23.09.2014 жылдағы 2020 жылға дейін күші болды. 2021 жылдың 20 тамызы күнінен бастап жеке кәсіпке Муканова Гульнар мемлекттік сату конкурсында жеңіп алып, мектептегі тұрмысы төмен аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 136 (бір жүз отыз алты) балаларды ыстық тамақпен ұйымдастырылып жеке кәсіпкер Муканова Гульнармен № 43 2021жылдың 20 тамызы күні келісім шарт жасалды.2022 жылға мектептегі тұрмысы төмен аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 142 (бір жүз қырық екі) балаға ыстық тамақпен қамыту үшін жеке кәсіпкер Муканова Гульнармен № 43 2021 жылдың 20 тамызы күні жасалған келісім шарт 2022 жылдың 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.Санитарлық ұйғарым № Ғ.19.KZ94VWF00058121, 3.02.2022 жыл.
-Медициналық пункте мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсету мектепте жүзеге асырылады. Медициналық қызметке берілген лицензия
№ 002686DF, 2016 жылы 28 маусым. 2017 жылдың 15 қаңтар айынан бастап Ұлан аудандық орталық емханасына ауысып, медициналық кабинет Ұлан аудандық орталық емханасына жалға берілді.
-Кітапхана жүйесінің структурасы іс номенклатурасы: 06-01-ден 06-20 бойынша құжаттар бар. Кітапхана ауданы – 56 ш.м, Әдістемелік картотека, оқулықтар картотекасы, мерзімді басылымдар картотекасы бар. Кітапхана талапқа сай безендіріліп, кітапхана ісі нормативтік реттеуші құжаттармен жұмыс істейді. Мектеп кітапханасын пайдаланудың үлгі – қағидалары, ережелері қабырғаға ілінген. Оқырмандар үшін материалдық – техникалық базамен қамтамасыз етілген, оқырмандар орны -12,оқу стөлі -1, шкафов-2, компьютер -1.
«Қазақстан-2050», «Оқырман бұрышы», «Өшпес ерлік-ұрпаққа мұра»-тақырыбы аясында стендтер орнатылған. Кітап көрмелері: «Қызықты кітаптар», «Кітап- алтын қазына», «Қазақстан жазушылары», «Шетел әдебиеті»,«Ана тілің-арың бұл, басқа тілдің бәрін біл», «Туған елім Қазақстан» «Ертегілер, фантастикалар», «Қазқстан тәуелсіздігіне 30 жыл», «Ұлан есімі-ұлағат бесігі», «Бала бол, басқа бол-бәріне заң біреу-ақ», «Бала ата-ана айнасы», «Сенің денсаулығың-өз қолында», «Тілім менің- ғасырлардан аманат», «Қазақ тілі-көркемәрі бай тіл»,»Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері». Кітаптың жалпы қоры-5043 дана, оның ішінде мектеп оқулықтары -4693 дана, көркем әдеби кітаптар ескірген, Балаларға арналған ертегілер, әңгіме кітаптар жеткіліксіз. Кітапханаға қор қаржатынан мерзімді газет пен журналдарға қаражат бөлініп отырады.
Олардың барлығы тігіліп сақталады. Ал мұғалімдер «Казпочта» бөлімшесі арқылы қажет пән бойынша әдістемелік басылымдарға жазылады.
Кітапхана компьютермен жабдықталуын қажет етеді.
Электронды оқулықтарды пайдалану, насихаттау мүмкіндігі жоқ.
Мектеп кітапханасында кітапханашы қызметін Шемпаева Рая Аканаевна Өскемен қаласының ШҚМУ «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын 1994 жылы бітірген 1 ставкамен атқарады. Арнайы кітапханашы мамандығы жоқ.
- Робототехника кабинеті 2018 жылы толық жабдықталды, сынып бөлмесінің ауданы 60 ш.м. Мұғалім столының жабдықталуы: Монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан, принтер, видео камера, UPS қорек көз батареясы, құлақшын. Кабинет меңгерушісі, пән мұғалімі Карибаев Қуаныш Жомартович, білімі жоғары, еңбек өтілі: 5 жыл . Курстан өткен, сертификаты бар.
Мектептің бастауыш сынып оқу кабинеттерінде қол жууға арналған раковиналар қарастырылған. 2020 жылдан бастап орталықтандырылған су жүйесі енгізіліп, мектеп ішінде 6 әжетхана қойылды. 1- қабатта бір қызметкерлерге, 1 ұлдар, 1 қыздар әжетханасы, 2-қабатта бір қызметкерлерге, 1 ұлдар, 1 қыздар әжетханасы орналасқан. Қызметкерларға арналған әжетханада 1 раковина, 1унитаз бар. Оқушыларға арналған әр әжетханада 2-раковина, 2 унитаздан орнатылған. Әжетханалардағы жабдықтар санитарлық-техникалық талаптарына сәйкес. 1-қабатта сырт киімдерге арналған киіну бөлмесі қарастырылған, іске қосылған. Топтық бөлмелердегі температуралық жүйе сақталынған +180С-тен +220С нормалау барысында құрайды. Оқу бөлмелерінің санитарлық жағдайы талапқа сай.
Ылғалды тазалау 2% ерітіндісін қолданумен, толық тазалау дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен оқу ауысымының аяғында жүргізіледі. Эпидемиялогиялық ахуалға байланысты сынып бөлмелері әр үш сабақ сайын ылғалды тазалау жүргізіліп, сынып желдетіледі. Екі қабаттағы дәліз күніне 3 рет ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі.Санитарлық дезинфекциялық жүйе сақталады. ҚР Мемлекеттік СанПинның бағалау органымен рұқсат етілген жуу және дезинфекциялаушы құралдар қолданылады.
Құрылтайшылық құжаттары
- Мемлекеттік лицензия № KZ86LAA00020575 (2021 жыл 27-ші қаңтар)
- Мемлекеттік лицензияға қосымша № 001(2021 жыл 27-ші қаңтар)
- Техникалық паспорт кадастрлық нөмір 05:079:003:858:1, 2020 жыл 2 қараша, техникалық сипаттаманың өзгеруі туралы қорытынды 05:079:003:858:1, 2020 жыл 16 қараша. Жер учаскесінің кадастрлік нөмері: 05-079-003-858, жер учаскесінің алаңы: 1,2840 га;
- Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, БСН 991240001577, 16.01.2021 жыл.
- Уақытша міндетті жүктеу бұйрығы №76-жқ, 31.11.2021 жыл.
- Мемлекеттік лицензия медициналық қызметпен айналысуға сериялық нөмірі №00268DF, берілген күні 28.06.2016 жыл, №6 мемлекеттік қосымша. Келісім шарт 30.07.2020 жылы Аблакет ауылдық округы аппаратымен Ұлан ауданының аудандық емханасымен жасалған.
- Мекеме жарғысы, 15.02.2019 жыл. Мекеме жарғысына енгізілген өзгерістер, тіркеу күні 16.01.2021 жыл.
- Санитарлық эпидемиялогиялық ұйғарым № Ғ.19.KZ94VWF00058121, 3.02.2022 № 86 ( 2022 жылдың 3-шы ақпан)
- Мектептің істер номенклатурасы 29 сәуір 2021 жылы «Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Ұлан ауданының мемлекеттік архиві» КММ СК №7 хаттамасымен келісіліп, мектеп директорымен бекітілген. (Ағымды істер тізімі 10 бөлімнен тұрады)
Мектеп әкімшілігі мүшелерінің функционалдық міндеттері және мұғалімдердің апталық жүктемелері педагогикалық кеңестің қаулысы негізінде мектеп директорының бұйрығымен бекітілген.
Бұйрық кітабы.
Негізгі қызмет, жеке құрам бойынша және оқушылар қозғалысына байланысты бұйрықтарды тіркейтін бұйрық кітаптары жүргізіледі.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарда оқу-тәрбие мәселелері жөніндегі бұйрықтар ресімделген.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда көшірілуге, шығарылуға, тәртіптік жазалауға байланысты бұйрықтар жазылған. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының тиісті баптарымен негізделген.
Оқушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарда оқу жылы басталғанда оқушылардың сыныптар бойынша жеке құрамы, оқушыларды қабылдау және шығару, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы, 11-шы сыныпты бітіргені туралы бұйрықтар жазылған.
Бұйрықтардың соңғы пунктінде директор лауазымды адамдардың біреуіне бұйрықтың орындалуын бақылауды жүктелуі жазылған.
Бұйрықтар қатаң түрде бұйрық кітабында тіркеліп, түрлері бойынша жеке папкаларға тігілген. Бұйрық кітаптары нөмірленген, тігілген, мөр басылған, мектеп директорының қолымен бекітілген.
Мектепте мұрағатпен келісілген, директордың қолы және мөрімен бекітілген іс-номеклатурасы бар.
- Мақтау қағаздарын есепке алу және беру журналы.
- Қызметкерлердің еңбек кітапшаларының қозғалысын тіркеу журналы.
- Еңбек шарттарын тіркеу журналы.
- Еңбек кітапшасын есепке алу журналы.
- Оқу үлгерімін тіркеу кітабы.
- Мұғалімдердің және техникалық жұмысшыларының жеке іс қағаздары.
- Келген-кеткен оқушыларды тіркейтін журнал.
Құжаттар нөмірленген, мөрленген, шнурланған, директордың қолымен бекітілген.Барлық құжаттарда номеклатуралық номері қойылған.
Алфавиттік кітап.
Алфавиттік жазба кітабына орта білім беру ұйымының барлық оқушылары жазылған. Жыл сайын кітап жаңа қабылданған оқушылармен толықтырылып отырады. Оқушылардың тегі оның оқитын сыныбына қарамастан алфавиттік ретпен енгізілген.Алфавиттің әрбір әрпіне жеке бет арналып, әр әріпке реттік нөмір қойылды. Кітаптағы рет нөмірі оқушының жеке іс қағазындағы нөмірі болып табылады. Жеке іс қағазда бұл нөмір бөлшек түрінде қойылған. Алфавиттік кітапта оқушылардың қозғалысы туралы тоқсан сайын білім бөліміне беретін есеппен сәйкес келеді. Қазіргі уақытта 264 оқушы орта мектепте, 26 оқушы даярлық тобында оқиды.Алфавиттік кітаптың беттері нөмірленіп, бауланып, директордың қолы қойылып, мөр басылды.
Оқушылардың жеке бас құжаттары.
Оқушылардың жеке бас құжаттары мектеп мұрағатында сақталады, әрбір сыныптың құжаттары арнайы регистраторға салынған. Туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының куәлік көшірмелері, 2 дана фотосурет, табельдері салынған.Табельдер оқушының үлгерімін тіркеу кітабы бойынша нөмірленген.
Негізгі және орта мектепті бітіру туралы аттестатты тіркеу журналы
Негізгі және орта мектепті бітіргені туралы куәлік беруді және бланкіні есепке алу кітабы жүргізіледі. Кітаптың бірінші бөлімінде кәдімгі жай аттестат, үздік аттестат сериясы мен нөмірі көрсетілген орта жалпы білім туралы алынған және берілген жалпы орта білім туралы аттестаттар бланкілерінің саны жеке есепке алынған. Екінші бөлімінде оның нысанына сәйкес орта мектепті бітіргендер туралы мәліметтер жазылды. Тиісті бағандарға аттсетатты көрсетілген пәндер бойынша бағалар қойылады; аттсетат беру туралы педагогикалық кеңес шешімінің күні көрсетіледі; жалпы орта білім туралы аттсетат алғаны жөнінде қол қойылады.Кітап берік түптелген қалың қағаздан дайындалады.«Үздік табысы және үлгілі тәртібі үшін» мақтау қағазын және «Жекелеген пәндерді оқып-үйренудегі ерекше табыстары үшін» мақтау грамотасын есепке алу кітабында жазылған.Мақтау қағазы және грамоталар бойынша есепке алу жеке жүргізіледі. Оқушы марапатталған жыл және марапаттау түрі кітаптың ортасында марапатталған оқушының тегі, аты, әкесінің аты алдында көрсетіледі. Кітап беттері нөмірленіп, бау өткізіліп мектеп директорның қолы және мөрімен бекітілген.
Мектептің тұжырымды ұстанымы
«Білім беру жүйесінде электронды платформаларды және озық инновациялық технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті кәсіби құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптастыру»
Мақсаты:
"Мұғалім мен оқушының құзыреттілік деңгейінің даму мүмкіндіктерін зерттеу арқылы оқыту және оқу сапасын арттыру."
Іскерлік кезеңдері:
1 – кезең Мұғалімдер өзін-өзі дамытуы арқылы теориялық, әдістемелік және практикалық іс-әрекеттерді меңгеруі арқылы оқыту сапасын арттыру; (2020-2022жж.)
2 - кезең
Кәсіби теориялық, әдістемелік, практикалық іс-әрекеттерді қолдануы арқылы мұғалім және оқушылар құзырлығын дамыту. (2023-2025жж.)
3 – кезең Мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің қалыптасуын бағалау, насихаттау және тарату.(2026 ж.)
Міндеттері:
1 – кезең.
-Ынтымaқтacтық, әрiптecтiк қaрым-қaтынacты нығaйтy, кәciби тәжiрибe aлмacy;
- Педагогикалық үрдіске қатысушылардың белсенділіктерінің дамуына мүмкіндік жасау;
- Мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуы арқылы оқыту сапасын арттыру;
- Бастапқы кезеңдегі мониторингісін жасау.
2 – кезең.
- Құзырлы оқыту арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуы, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуіне толық мүмкіндік туғызу және қалыптастыру;
- Аралық кезеңдегі мониторинг.
3 – кезең.
- Қорытынды кезеңдегі мониторинг.
- Жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі. Мұғалімдердің шығармашылық есебі.
Мектептің әдістемелік қызметі.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
«Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіріп дамытуда тиісті әдістемелік көмек беру».
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті.
1. Әдістемелік айлықтар сапалы әзірленіп, өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін көтеру.
2. Сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету.
3. Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру.
5. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.
6. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілікте ұстау.
7. Оқулық, әдістемелік және дидактикалық материалдар әзірлеу.
8. Оқушыларды тәрбиелеудің, олардың бойында жоғары көп мәдениеттілік қасиеттерді қалыптастырудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру.
Мектептегі әдістемелік бірлестіктер:
№ | Бірлестіктің аты | Жетекшісі | Санаты |
1 | Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі | Кенжебаева Б.К | Педагог-модератор |
2 | Жаратылыстану – математика әдістемелік бірлестігі | Сергазынова Арай Серғазықызы | Педагог-модератор |
3 | Гуманитарлық пәндер бірлестігі | Жанабаева Д.К | Санаты жоқ |
4 | Эстетикалық пәндер бірлестігі | Рахимбаева Ж.М | Педаго - сарапшы |
«Дарын», «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшілері:
Берікқызы Қымбат- педагог-модератор санатындағы физика пәні мұғалімі.
«Өркен»кәсіби қоғамдастығының жетекшісі: Абраимова Нургуль Сейтжапаровна – педагог-зерттеуші санатты, бастауыш сынып мұғалімі.
Мектепті дамыту жоспарының басымдығы: Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді кеңінен енгізу арқылы оқушылардың оқуын жақсартып, білім сапасын көтеру.
Мақсаты: «Іс-әрекетті зерттеу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау.»
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады, өз бетімен білім алудың жолдарын меңгереді, сапалы білімге қол жеткізіледі, функционалдық сауаттылықтары артады.;
- Мұғалімдердің үздіксіз білім жетілдіру жүйесі қалыптасады, шығармашылығы, кәсіби біліктілігі артады;
3. Мұғалімдер кәсіби қоғамдастық аясында іс-тәжірибе алмасады.
Мектепалды даярлық тобы
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Ашимова Жанар Кадылкумаровна
Білімі: жоғары.
Бітірген орны: 2019 жыл, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
Өткен курс: Балалардың мектепалды даярлығы бойынша, мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін» ПШО, 2019 жыл
Пед өтілі: 8 жыл
Даярлық тобындағы еңбек өтілі- 8 жыл.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Жақаева Гүлжанат
Ахметқабдыловна
Білімі: жоғары.
Бітірген орны: 2005 жыл, М.Әуезов атындағы Семей университеті, «Педагогика және бастауыш мектепті оқыту әдістемесі»
Өткен курсы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығынқамтамасыз ету», «Өрлеу», 2018 жыл.
Еңбек өтілі: 32 жыл.
Даярлық тобындағы еңбек өтілі – 12 жыл
Мектеп мұғалімдері туралы мәліметтер
2017-2018 оқу жылы, 1 қыркүйек – 40 мұғалім+3 декреттік демалыста.
2018-2019 оқу жылы, 1 қыркүйек – 37 мұғалім+4 декреттік демалыста.
2019-2020 оқу жылы, 1 қыркүйек – 36 мұғалім+5 декреттік демалыста.
2020-2021 оқу жылы, 1 қыркүйек - 41 мұғалім+4 декреттік демалыста.
2021-2022 оқу жылы қазіргі уақытта– 40 мұғалім(1 қосалқы мұғалім)+ 10 декреттік демалыста.
Педагог кадрлар құрамына сипаттама
«М.Ломоносов атындағы орта мектеп»КММ
2021-2022 оқу жы /1.09.2021 жыл/
реті | Мұғалімдердің аты-жөні | білімі | өтілі | санаты | жасы | Қазақ тілінде сабақ береді | Орыс тілінде сабақ береді | Атест. Өткен ж | Курс | ||
1-4 сынып педагогтары | |||||||||||
1 | Тлегенова Л.Е | Жоғары | 13,6 | жоқ | 42 | + | - | - | |||
2 | Абраимова Н.С. | Арн/орта | 35 | Педагог-зерттеуші | 55 | + | 2018 | 2018 | |||
3 | Сетерхан А /6.09/ | Арн/орта | 0 | Жоқ | 26 | + | - | 2020 | |||
4 | Байкенова С.А | Арнайы орта | 5 | Педагог-модератор | 37 | + | 2019 | 2019 | |||
5 | Тлегенова Ж.У | Арн/ орта | 8 | Педагог-модератор | 42 | + | 2019 | 2016 | |||
6 | Далел Кулпаш | Арн/ орта | 12,11 | Педагог-эксперт | 36 | + | 2018 | 2017 | |||
7 | Кумарова Б.Б | жоғары | 4,8 | жоқ | 30 | + | |||||
8 | Кенжебаева Б.Қ | Арн/орт | 6 | Педагог-модератор | 30 | + | 2019 | 2019 | |||
9 | Сейтканова А.Т /6.09 декрет/ | жоғары | 5 | Педагог-модератор | 27 | + | 2019 | 2018 | |||
НВП, еңбек,музыка, дене тәрбиесі | |||||||||||
1 | Калиева Г.К | жоғары | 18,9 | Педагог-зерттеуші | 50 | + | 2019 | 2018 | |||
2 | Шемпаев М.Е | жоғары | 34 | Жоғары | 56 | + | 2017 | 2019 | |||
3 | Рахимбаева Ж.М | арн/орта | 11,9 | Педагог-эксперт | 46 | + | 2018 | 2017 | |||
4 | Андамасов Ж.Б | жоғары | 9,11 | Педагог-эксперт | 31 | + | 2018 | 2019 | |||
5 | Қасымханов Р | жоғары | 3 | жоқ | 28 | + | 2019 | ||||
6 | Байталов Ж.Ч | жоғары | 9,11 | Педагог-модератор | 31 | + | 2018 | 2019 | |||
7 | Карибаев Қ.Ж | жоғары | 5 | Педагог -модератор | 30 | + | 2019 | 2017 | |||
8 | Сайлау Бақытжан | жоғары | 1,11 | жоқ | 26 | + | + | ||||
9 | Сейтқанов Н.Н | жоғары | 6 | Педагог-модератор | 28 | 2020 | 2018 | ||||
5-11 сыныптар | |||||||||||
1 | Аманкелді А | жоғары | 34 | Педагог-зерттеуші | 53 | + | 2020 | 2018 | |||
2 | Жумабаева К.Н | жоғары | 28,7 | Педагог-зерттеуші | 56 | + | 2019 | 2019 | |||
3 | Чукуева Б.К | жоғары | 33,11 | 1 | 59 | + | 2015 | 2018 | |||
4 | Ашимова Ж.Б | жоғары | 16,10 | Педагог-сарапшы | 36 | + | 2020 | 2018 | |||
5 | Жанабаева Д.К | жоғары | 15 | Жоқ | 40 | + | 2014 | 2018 | |||
6 | Байбинова М.Б | жоғары | 7 | Педагог-модератор | 45 | + | + | 2021 | 2018 | ||
7 | Садвакасова З.М | жоғары | 19,2 | 1 | 39 | + | 2017 | 2018 | |||
8 | Сергазинова А.С | жоғары | 13 | Педагог-модератор | 43 | + | 2021 | 2019 | |||
9 | Касебаева А.С | жоғары | 36 | 2 | 60 | + | 2018 | 2018 | |||
10 | Айтказинова С.А | Арна/орта | 2 | жоқ | 21 | + | - | 2021 | |||
11 | Серикбол Анар | жоғары | 1 | жоқ | 23 | + | - | 2021 | |||
12 | Сарсекенова Перизат | жоғары | 14 | Педагог-модератор | 34 | + | 2019 | 2018 | |||
13 | Аубакирова Н.У | жоғары | 15,4 | Педагог-модератор | 41 | + | 2021 | 2017 | |||
14 | Демежанова А.Д | жоғары | 6 | Педагог-сарапшы | 45 | + | 2019 | 2017 | |||
15 | Хавлай Айнұр | жоғары | 0 | жоқ | 33 | + | - | - | |||
16 | Серикбол Ибағат | жоғары | 0 | жоқ | 22 | + | - | - | |||
17 | Берікқызы Қымбат | жоғары | 6 | Педагог-модератор | 28 | + | 2021 | 2019 | |||
18 | Байталова Н.Д | жоғары | 7,11 | 2 | 30 | + | 2018 | 2016 | |||
19 | Серикбол Рыс | жоғары | 7 ай | жоқ | 24 | - | - | ||||
Әкімшілік | |||||||||||
1 | Шемпаев М.Е | жоғары | 33 | Жоғары | 55 | + | 2017 | 2019 | |||
2 | Ашимова Ж.Б | жоғары | 16,10 | 1 | 36 | + | 2020 | 2018 | |||
3 | Садвакасова З.М | жоғары | 19,2 | 1 | 39 | + | 2017 | 2018 | |||
Кітапханашы, психолог, тәрбиеші, тәлімгер | |||||||||||
1 | Шемпаева РА | жоғары | 36,11 | 1 | 57 | Кітапханашы | 2017 | 2018 | |||
2 | Бекбосынова Г.К | Арна/орта | 5 | жоқ | 37 | Тәлімгер | - | - | |||
3 | Ашимова Ж.Қ | жоғары | 8 | Педагог-модератор | 40 | + | Мектепалды даярлық тәрбиеші | 2020 | 2019 | ||
4 | Жақаева Г.А | Жоғары | 31,9 | 1 | 51 | + | Мектепалды даярлық тәрбиеші | 2017 | 2020 | ||
5 | Молжигитова А.Д | жоғары | 14,4 | Педагог-модератор | 43 | Психолог | 2020 | 2018 | |||
Педагогикалық кадрдың сапалық құрамы
2021-2022 оқу жылы | |
Қазақ тілі | 3 |
Орыс тілі | 3 |
Математика | 3 |
Информатика | 2 |
Химия | 1 |
Биология | 1 |
Физика | 2 |
География | 1 |
Өзін-өзі тану | 2 |
Ағылшын тілі | 3 |
Тарих | 2 |
Бастауыш сынып | 8 |
Дене шынықтыру | 3 |
Технология | 2 |
Музыка | 1 |
АӘД | 1 |
Даярлық тобы | 2 |
Барлығы | 40 мұғалім |
2022-2026 жылдарға арналған
Мақсаты:
«Педагогикалық ұжымның пәндік,әдістемелік және технологиялық білімдерін жүйелі жетілдіру, жаңа инновациялық әдістер мен тәсілдерді оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне енгізу мен курсаралық мерзімде кәсіби үздіксіз дамуын бағалау»
Міндеті:
- Ұстаздарды біліктілік арттыру курстарына 5 жылда 1 рет уақтылы жіберу;
- Біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі педагогтың біліктілік санатының көтерілуі;
- Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуі;
- Үздік және жақсы оқитын оқушылар санының артуы;
- Ғылыми жобалар, олимпиада қатысушы/жеңімпаздары оқушылар санының артуы;
- Шеберлік-сабақ, шығармашылық шеберхана, семинар-тренинг өткізуі, педагогикалық(желілік) қауымдастыққа қатысу;.
- Педагогтың әртүрлі білім беру жобаларына, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысуы;
- Педагогтің семинарлар мен конференцияларда баяндама жасауы;
- Оқулықтар, монографиялар, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындау. Мақалаларды педагогикалық басылымдарда және БАҚ-та жариялауы.
Күтілетін нәтижесі:
№ | Мұғалімнің аты – жөні | Санаты | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 | 2025-2026 |
Шемпаев Марат Есимханович | жоғары | + | |||||
Садвакасова Зульфия Мадениетовна | бірінші | + | |||||
Ашимова Жадыра Бауржановна | Педагог-эксперт | + | |||||
Касебаев Айдар Салимович | екінші | + | |||||
Молжигитова Асель Дуйсенбиновна | Педагог-модератор | + | |||||
Жумабаева Катипа Нубораковна | Педагог-зерттеуші | + | |||||
Аманкелди Аскерхан | Педагог-зерттеуші | + | |||||
Жанабаева Динара Каблановна | Санаты жоқ | + | |||||
Даербаева Зарина Каирдиновна | Педагог-зерттеуші | ||||||
Шемпаева Рая Аканаевна | бірінші | + | |||||
Чүкүева Бақытжан Қазезқызы /предпенсионный возраст/ | бірінші | ||||||
Жакаева Гулжанат Ахметкабдыловна | бірінші | + | |||||
Байбинова Мира Бердыбековна | Педагог-модератор | + | |||||
Калиева Гаухар Картаевна | Педагог-зерттеуші | + | |||||
Рахимбаева Жанагуль Маданьятовна | Педагог-сарапшы | + | |||||
Андамасов Жандос Бауыржанович | Педагог-сарапшы | + | |||||
17 | Қасымханов Рустем Жанболатович | Санаты жоқ | |||||
18 | Абраимова Нургул Сеитжапаровна | Педагог-зерттеуші | + | ||||
19 | Ашимова Жанар Кадылгумаровна | Педагог-модератор | + | + | |||
20 | Байталова Назым Даулеткановна | екінші | + | ||||
21 | Байталов Жасулан Чукурханович | Педагог-модератор | + | ||||
22 | Тлегенова Лаззат Едилхановна | Санаты жоқ | + | ||||
23 | Сетерхан А йнур | Санаты жоқ | + | ||||
24 | Байкенова Самал Абдыкарымовна | Педагог-модератор | + | ||||
25 | Тлегенова Ж.У | Педагог-модератор | + | ||||
26 | Далел Кулпаш | Педагог-сарапшы | + | ||||
27 | Кумарова Ботакоз Базархановна | Педагог-модератор | + | ||||
28 | Кенжебаева Бакыткул Қайратовна | Педагог-модератор | + | ||||
29 | Сейтканова Айдана Темирбековна | Педагог-модератор | + | ||||
30 | Карибаев Куаныш жомартович | Педагог-модератор | + | ||||
31 | Сайлау Бакытжан | Санаты жоқ | + | ||||
32 | Сейтканов Нурбол Нұрбекулы | Педагог-модератор | + | ||||
33 | Сергазынова Арай Серғазықызы | Педагог-модератор | + | ||||
34 | Айтказинова Сәбина Азаматовна | Санаты жоқ | + | ||||
35 | Берікқызы Қымбат | Педагог-модератор | + | ||||
36 | Серикбол Анар | Санаты жоқ | + | ||||
37 | Аубакирова Назгул Уалихановна | Педагог-модератор | + | ||||
38 | Хавлай Айнур | Санаты жоқ | + | ||||
39 | Серикбол Ибағат | Санаты жоқ | + | ||||
40 | Серикбол Рыс | Санаты жоқ | + | ||||
41 | Бекбосынова Гаухар Кадылкумаровна | Санаты жоқ | + | ||||
42 | Бейсенбаева Д.К | Санаты жоқ | + | ||||
43 | Чукуева Лаззат Толегеновна | Педагог-зерттеуші | + | ||||
44 | Заденова Меруерт Жумакановна | Екінші | + | ||||
45 | Сетерхан Айгул | Санаты жоқ | + | ||||
46 | Советова Улпан Бақытқызы | Санаты жоқ | + | ||||
47 | Адильканова Айсулу Куанышовна | Санаты жоқ | + | ||||
48 | Керімқұл Нургуль | Педагог-модератор | + | ||||
49 | Файзуллина Тараза Қанбекқызы | Санаты жоқ | + |
Мектеп білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші:
2017-2018 о.ж | 2018-2019 о.ж | 2019-2020 о.ж | 2020-2021 о.ж | 2021-2022 ож (Іжартыжылдық) |
50,2 | 55,6 | 60,9 | 54,7 | 54,9 |
Білім беру ұйымының міндеттеріне сәйкес мектепішілік бақылаудың әртүрлі түрлерін пайдаланудың нәтижелігі
Мектепішілік бақылау мен басқару бірнеше бақылау түрлерінен тұрады, соның ішінде жалпыға бірдей міндетті білім берудің іске асырылуын жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын, мектеп құжаттарын бақылау, санитарлық-гигиеналық режимді бақылау, қауіпсіздік техникасы,педагогикалық этика нормалары,оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру бөлімдерінен тұрады. Аталған бөлімдерге тексерудің бірнеше түрлері енгізілген.
Сабақты талдау мен сабақты бақылау бағдарламаға сәйкестігі
Мектепішілік бақылауға сәйкес сыныптың білім деңгейін, қабілеті жоғары, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс, үй тапсырмасының нормасының орындалуы, мұғалімнің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалануы, мұғалімнің шеберлігі, жас мамамндарға әдістемелік көмек, 1 сыныптардың мектепке бейімделуі, 5 сыныптың орта буынға бейімделуі, 9 және 11 сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын бақылау және тағы басқа туындаған әртүрлі проблемаларды анықтау мақсатында пән мұғалімнің сабақтарына қатысу үнемі жүргізіліп, пән мұғалімінің сабағына кері байланыс және ұсыныс беріліп отырады.
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілік санаттарын, білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік дискрипторларды пайдалану нәтижесі
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілік санаттарын, білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік дискрипторларды пайдалану нәтижесі сабаққа қатысу барысында формативті бағалау, суммативті бағалау барысында бақыланып отырады. Төменде қазақ тілі пәні бойынша пән мұғалімі Жумабаева К.Н, санаты педагог-зерттеуші және матемтика пәні мұғалімі Ашимова Ж.Б, 1 санатты мұғалім сабақтарының бақылау парағы қорытындысы ұсынылып отыр.
Мектептің педагог қызметкерлері үнемі біліктілік көтеру курстарына жіберіліп отырады, курста алған білімдерін, жинаған тәжірибелерін өз жұмысында қолданумен шектелмей, алған білімін әріптестермен бөлісу мақсатында оқу ісі меңгерушісі арнайы коучинтер, шебер сыныптарды ұйымдастыру арқылы, көрсету жағын ұйымдастырады. Мол тәжірибе жинаған мектеп педагогтары өз тәжірибесін мектеппен шектелмей аудан, облыс және Республика көлемінде таратуда. Атап айтсақ, 2020 жылы РЦ «Шығыс» Zоом платформасы арқылы ұйымдастырған «Праксис жаңартылған білім беру контекстінде мұғалімдерді кәсіби қолдау» атты конференция, «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету» тақырыбы бойынша технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна өз тәжірибесімен бөлісті. 2020 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлікорталығы өткізген «Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының жетекші мектептерінің Аймақтық форумы» тақырыбындағы 5 сағаттық қашықтық форумға бастауыш сынып мұғалімі Байкенева Самал Абдыкаримовна қатысып, сертификатқа ие болды. «Критериалды бағалауда кері байланыста алатын орны» тақырыбындағы аудандық оқыту семнарында бастауыш сынып мұғалімі Байкенева Самал Абыкаримовна өз іс – тәжірибесімен бөлісті. З.Садвакасованың диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұғалімдерге арналған «Оқыту мен оқуда диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбнда коучинг 2019 -2020 оқу жылында өткізді. 2017-2018 оқу жылында мектепішілік 3 шебер сынып, 3 коучинг өткізілді. 2018-2019 оқу жылында 1 мектепішілік семнар-сабақ, 1-дөңгелек үстел, 4 коучинг, 2 шебер сынып өткізілсе, 2019-2020 оқу жылында 1 мектепішілік семинар, 1- дөңгелек үстел, 3 коучинг, 3 шебер сынып ұйымдастыру арқылы іс – тәжірибемен мұғалімдер бөлісті.
Мектептегі әдістемелік жұмыстың басты саласының бірі –жас мамандармен жұмыс. Жас мамандарға әдістемелік көмек , қолдау көрсету мақсатында әрбір оқу жылы басында жоспар жасалып, тәлімгерлер бекітіледі. Әр келген жас маманның сабақтарына қатысу арқылы, сабақ беру процесіндегі олқылықтар анықталып, әдістемелік көмек көрсетіледі.Әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу ісі меңгерушісімен және тәжірибелі ұстаздармен бірлескен «Шебер сынып», «Коучингтер» ұйымдастырылады . Жетелеу мақсатында жас мамандарды белгілі бір тақырыптарда баяндама тақырыптарын әдістемелік кеңестерде оқу ұсынылады. Жас мамандарға арналған мектепте «Ізгілік» клубы құрылған. Жас мамандардың білім жетілдіру үшін өзара сабаққа қатысу жұмысы жүзеге асып отырады. Жыл ортасында жас мамандармен бірлескен «Дөңгелек стол», оқушылармен бірлескен «Екі жұлдыз» ұйымдастырылса, жыл соңында мектепішілік «Заманауи жас маман», «Үздік жас маман» конкурстары өткізіледі. «Заманауи жас маман-2018» бастауыш сынып мұғалімі Байкенева Самал Абыкаримовна 1 орын иеленді. «Үздік жас маман -2019» сайысында физика пәні мұғалімі Берікқызы Қымбат 1-орынға ие болды. 2020 жылы дене тәрбиесі мұғалімі «Уақыт талабына сай жұмыс жасау – жетістік баспалдағы» тақырыбындағы жас мамандарға арналған семинарға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, сертификатқа ие болды.
Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында арнайы біліктілік арттыру курстарына жиберіліп отырады. Біліктілік курстары арқылы мұғалімдердің біліктілігі ғана артып қоймай, мұғалімдердің кәсіби шеберліктері артылуда. 2017 жылы -6 мұғалім,
2018 жылы -17, 2019-10,2020 ж-3
Санаты | 2017-2018 ож | 2018-2019 ож | 2019-2020 ож | 2020-2021 ож | 2021-2022 ож |
Мұғалімдер саны | 39 | 37 | 35 | 41 | 40 |
Санаты жоқ | 17 | 13 | 8 | 13 | 12 |
Екінші | 9 | 9 | 6 | 5 | 2 |
Педагог-модератор | 1 | 6 | 8 | 12 | |
Бірінші | 6 | 6 | 5 | 5 | 4 |
Педагог-сарапшы | 2 | 3 | 3 | 5 | |
Жоғары | 7 | 4 | 3 | 1 | 1 |
Педагог-зерттеуші | 2 | 4 | 6 | 4 |
Білім беру ұйымы негізінде іс- тәжірибе алмасу мақсатында 2017 жылы семинар ұйымдастырылып өткізілді.Семинар тақырыбы: «Оқу мен оқытуда ойлау арқылы ойды шыңдау жолдары».
«Ұстаз шапағаты» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналына, №01 (28) қаңтар 2022 жылы 23 мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары жинақ болып жарияланды
«Ақылды Awards-2020» конкурсының нәтижесі бойынша жүлдегері, ШҚМТУ грантының иегерлері: Қадырхан Шынар және Асланова Аружан
2020 жылы мектебіміздің 2 оқушысы «Алтын белгі» иегерлері атанды, олар: Асланова Аружан ,Қадырхан Шынар.
Дала дидары жеңімпаздарысілтемесі [media=https://www.instagram.com/p/CWZ4MKmqTi3/?utm_medium=copy_link]
Республикалық ғылыми жоба қорғау сайысы [media=https://www.instagram.com/p/CXlghJQKnHv/?utm_medium=copy_link]