11 сынып түлектерге арналған "Ашық есік күні" ұйымдастырылды » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 11 сынып түлектерге арналған "Ашық есік күні" ұйымдастырылды
03
ноябрь
2021

11 сынып түлектерге арналған "Ашық есік күні" ұйымдастырылды

3 қараша күні Өскемен қаласы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Ұлан ауданының мектептерінің түлектеріне "Ашық есік күні" іс - шарасын ұйымдастырды. Іс - шараға М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты.
 Болашақ  талапкерлері университетке оқуға түсу ережелерімен танысу, білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді алу үшін барды. Олардың көпшілігі алғаш рет университет қабырғасында болып, оның өмірін өз көздерімен көрді. Балалар құрылыс материалдары мен конструкциялар зертханасында, құзыреттілік орталықтарында болды. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларымен танысты. Мектеп декандарымен кездесіп, "Үлкен Алтай" мұражайы мен кітапхананы аралады. Балалар экскурсиядан жағымды эмоциялар алғанын, бос уақыттарын тиімді өткізгенін айтты.