«Алғыс күніне» орай апталықтың қорытындысы » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2022

«Алғыс күніне» орай апталықтың қорытындысы

Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Мектебімізде  1 наурыз «Алғыс айту» күні аясында жоспар бойынша іс – шаралар ұйымдастырылды.  «Алғыс жәшігі» орнатылады. Алғыс жәшікке оқушылар өз алғыс тілектерін жазып салды.  «Болашақ» мектеп парламенті «Алтын жүрек» атты челленджін ұсынды.  «Тілектер мен  мақтаулар»  тақтасы  жасалды. 1-11 сыныптар арасында «Алғыс айтудың шексіздігі» атты  тәрбие сағаттары  өткізілді. «Алғыс бата ал»  ардагер ұстаздарға алғыс білдіру видеороликтері ұсынылды. Мектеп әкімшілігі атынан  демеуші – меценаттарға 1 Наурыз «Алғыс айту» күніне орай құттықтау  Алғыс хаттары беріді.  Өткізілген іс – шаралар мектеп сайтында және  Instagram парақшасында жарияланды. Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CaYoEZTqhGt/?utm_medium=copy_link