«Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты» атты тіл апталығына арналған іс-шаралардың қорытындысы
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры Тәрбие ісі меңгерушісі
-------------М.Е. Шемпаев ---------- Ж.Б. Ашимова
«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ
«Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты» атты тіл апталығына арналған іс-шараның жоспары.
Мақсаты: қазақ тілі мәртебесін көтеру, тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру.
Міндеттері:
- Қазақ тілін оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою;
- Өмірден өз орнын таңдай алатын, кез-келген ортаға тез бейімделетін, өз ойы мен пікірін үш тілде жеткізе алатын ұрпақ тәрбиелеу;
- «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбындағы шараның жұмыстарын жинақтау;
- Мектеп оқушыларының ағылшын және орыс тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін қойылатын талаптарды күшейту;
№ | Іс-шараның атауы | Сынып | Мерзімі | Ұйымдастырушылар |
1 | «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты Апталықтың ашылуы | 06.09.2021ж | Б.К. Кенжебаева Д.К.Жанабаева | |
2 | «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің негізін қалаушы», «Тілге құрмет- елге құрмет» (тәрбие сағаты) | 1-11 | 06.-09.2021 | Сынып жетекшілері |
3 | «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» (дөңгелек үстел) | 10-11 | 09.09.2021 | Бірлестік мүшелері |
4 | «Тіл – ел байлығы» (эссе жазу байқауы) | 5-11 | 08.09.2021 | К.Н.Жумабаева Д.К.Жанабаева |
5 | «Ахмет Байтұрсынов-зиялылар көсемі» атты кітап көрмесі | 06.09.2021 | М.Б.Байбинова | |
6 | «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілі білімінің атасы» (онлайн конференция) | 8 «А» | 09.09.2021 | М.Б.Байбинова |
7 | «Тілге құрмет – елге құрмет» апталықтың жабылуы | 10.0.2021 | Бірлестік мүшелері |
5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді. 06.09.2021 күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты» атты мерекелік апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар авторлық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен таныстырды.
Іс-шара жоспарына сәйкес 08.09.2021 аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің негізін қалаушы», «Тілге құрмет, елге құрмет» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.
09.09.2018 күні 8-9 сыныптар аралығында «А.Байтұрсынов және қазақ қоғамы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 20 ғасырда азаттық пен бостандық жайында сөз болса алдымен ел мақтанышы, еркін ойлы, өңіріміздің тумасы Ахмет Байтұрсынұлы есімізге түсетіні анық. Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Ақылбек Шаяхмет дөңгелек үстел барысында, келген қонақтарға Ахаңның өмірі жайында біраз мағұлмат беріп, өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.
08.09.2021 күні 5-11 сыныптар аралығында «Тіл – ел байлығы» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар эссе жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді
06.09.2021 «Ахмет Байтұрсынов-зиялылар көсемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме - болашақ жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты өткізілді
09.09.2021 «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілі білімінің атасы» атты онлайн конференция ұйымдастырылды. Оған 8 «А» сынып қатысты.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шарааларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай мектеп ұжымы ат салысады. Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер бірігіп атқарылады. Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына сенеміз.
Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CTmOIEDqE3x/?utm_medium=copy_link