15 ақпан – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күніне арналған іс - шаралар қорытындысы
15 ақпан – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні. Бүгін ауғандық ардагер жауынгерлерімен «Ауған от жалыны» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Олар біздің жерлесіміз Сатжанов Қайрат Мухаметжанович пен Кабидуллинов Асылғазы Калелович.
Қазақстанның жер – жерінде бұл күн ескерусіз қалмайды. Жыл сайын елім деп өткен боздақтарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Апталық жоспар бойынша «Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына орай мектепішілік тізіліс, 1- 6 сыныптары арасында «Мәңгі біздің есімізде» суреттер көрмесі, 6-11 сыныптары арасында «Әскери спорттық сайыс» ұйымдастырылды.
