ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс - шаралардың қорытындысы
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры!" тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында басты құндылығымыз «Тәуелсіздік» екендігі туралы оқушыларға түсіндіру, бойына сіңіру мақсатында барлық сыныптарды «Тәуелсіздік –ел бақыты» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, мектепішілік мерекелік шара өтті. Апталық аясында суреттер байқауы, шығармалар байқауы, мектеп кітапханасында кітаптар көрмесі, І қабатта тақырыптық бұрыш, «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.
АӘД пәні мұғалімі Карибаев К.Ж. 8 – 11 сыныптар арасында «Пневматикалық мылтықтан оқ ату» жарысын, дене шынықтыру пән мұғалімі Қасымқанов Р.Ж. «Тәуелсіздік таңы» атты ұлттық ойындар сайыстарын ұйымдастырып өткізді.
Дәстүрлі түрде мерекеге орай мектеп оқушыларын «Жас Қыран», «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті. Оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді, үлгілі тәртібімен ерекшеленген түрлі байқауларда мектеп, аудан намысын қорғап жүрген оқушылар ант қабылдап, Республикалық «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы қатарына қабылданды.




