"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізілген іс -шаралар қорытындысы
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру іс – шаралары туралы
Ақпарат
2021-2022 оқу жылы
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-аналарды қатыстыруды көздейді. Мақсаты:оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтызарлығын ояту, классик жазушылардың, балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау.
2021-2022 оқу жылына жасалған жоспарға сай үш тоқсанда көптеген іс – шаралар өтті. қыркүйек айында 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама мақсаты: Еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын анықтау. Сауалнама 6 сұрақтар құрылды. Кітап оқуды ұнатасыңба? Қандай жанрдағы кітаптар ұнайды? Күніне қанша уақыт кітап оқуға жұмсайсың? Қандай ақпарат көздерін қалайсың? Ғаламторға еркін кіру кітапханаларды қажетсіз етеді дегенмен келісесіңбе? Соңғы оқыған кітабың қалай аталады?.
Бастауы сыныптар арасында «Кел балалар оқылық» атты 20 минуттық оқу, «Ұйқы алдындаоқимыз» атты челлендж ұйымдатырылды. Челлендж мақсаты: Әдеби тілді сауатты әрі еркін меңгеруге дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғанң сезімдік мәдениетін дамыту.
https://www.instagram.com/tv/CVwl_MjqMht/?utm_medium=copy_link
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы «30 жылдыққа – отыз кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. арнайы қосымша QR кодты көшіріп қалаған уақытта қалаған кітапты оқуға болады.
https://www.instagram.com/p/CXaILrCKJhU/?utm_medium=copy_link
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні аталып өтті. . Бұл мереке – қарапайымдылық пен мейірбандықты насихаттап, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде 10-14 ақпан аралығында «Кітапханаға – кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға ат салысуға барлық оқушыларды, ұстаздарды, ата – аналарды, меценаттарды және қайырымды жандарды шақырдық. Ауылымыздың тумасы, жеке кәсіпкер Калиева Раушан Бердыбековна кітапханаға 3 кітап, қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Аманкелди Аскерхан 1 кітап, 2Б сынып оқушыларының ата – аналары 4 кітап, қайырымды жандар 30 кітап сыйлады. Барлық кітаптар «Буккроссинг» көрмесіне қойылды. «Дарите книги с любовью» атты челлендж 3-4 б сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Жас оқырмандар арасында «Сүйікті кітабыңыз туралы жаз» атты конкурс, сыйлаған кітаптармен фотосессия ұйымдастырылды.
--
https://www.instagram.com/p/CZ1bY8CL70t/?utm_medium=copy_link
Жыл сайын наурыз айының бірінші сәрсенбісінде Халықаралық дауыстап оқу күні ұйымдастырылады. 2 наурыз күні мектеп кітапханасында «Халықаралық дауыстап оқу» күніне орай «Дауыстап оқимыз» іс – шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - өз эмоциясын басқаларға кітаптан үзінділер оқу, оны дауыстап оқу арқылы ұсыну болды. Іс – шара барысында дауыстап оқу жайлы бейнежазба көрсетіліп, мағлұматтар берілді. Кітап сүйер оқырмандарымыз «Ертегілер елінде» атты ертегілерінен үзінді оқыды. Мектеп кітапханашысы Шемпаева Рая Аканаевна оқушыларға «Сказка обманка» атты ертегісінің үзіндісін оқып берді. Оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын жеткізіп айтты. Іс – шара соңында бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н.С. оқушыларды бүгінгі күнмен құттықтап, адамзат баласы үшін рухани білім кітаптарда екенін түсіндіріп, қызықты оқиғалардың куәсі кітаптарда екенін ұғындырып, кітап оқуға шақырды.
https://www.instagram.com/p/Cal2PRHqqE9/?utm_medium=copy_link
Жоба аясында 1.04.2022 жылы «Ана тілі - айбыным!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көрсетуге және рухани адамгершілік, патриоттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал ету. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранмен бастау алды. Бұл іс-шарада Жарқынқызы Жібек қызымыз екі тілде оқыған өлеңін оқуымен тәтті қылығымен көзге түсті. Аудандық сайысқа оқушыларымыз іріктелініп алынды.