«Ашық мектеп- ашық бюджет» » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2023

«Ашық мектеп- ашық бюджет»

2022 жылдың 30 желтоқсанда мектептің жұмыс жоспарына сәйкес директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңестің күн тәртібіне 12 мәселе бекітіліп, барлық мәселелер талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.  Қаралған 12 мәселенің бірі- «Ашық мектеп- ашық бюджет» жобасының іске асырылу барысы. «Шығыс адалдық алаңы» кеңселік жобаның бастамасымен бюджеттік мекемелердің бюджет қаражатын жұмсалуы жөніндегі ашықтықты қамтамасыз ету, қызметкерлер мен ата-ана арасында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, оқушылар мен олардың ата-аналарынан, мектеп қызметкерлерінен заңсыз ақша жинау фактілерін болдырмау мақсатында «Ашық мектеп- ашық бюджет» жобасын қағаз жүзінде емес іс жүзінде іске асыру, құжаттар мен есептерді мұғалімдер бөлмесі мен 1 қабаттың фойесіне, мектеп сайтына орналастыру, ата-ана қоғамдастығы алдында бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есепті жылына 2 рет беруді қамтамасыз ету мектеп директоры Е.М. Абраимоваға жүктеу қайлысы қабылданды.