"Әліппемен қоштасу"/"Прощай букварь" 1 сынып
Биыл мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасты. " Қош бол, әліппе" және "Прощай, букварь" ертеңгілігіне тыңғылықты дайындалған оқушылар өлең оқып, ән айтып , би билеп бар өнерлерін ортаға салды. Енді балалардың дүниетанымы " Ана тілі" және " Родной язык" оқулықтары арқылы одан әрі кеңейе түседі. Ертеңгілік соңында оқушылар естелік суретке түсіп, оларға кітаптар мен сыйлықтар үлестірілді. Сынып жетекшілері: Тлегенова Ляззат Едилхановна, Кумарова Ботакоз Базархановна.