Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы
03
август
2023

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

Құжаттың толық мәтіні

Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы

 ХАБАРЛАНДЫРУ


Конкурс жариялаған білім беру ұйымының толық атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Ломоносов  атындағы орта мектебі» КММ

ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, Тәуелсіздік,48, индекс: 071603

Телефон нөмері: 8 (723) 3829- 623 

Электрондық пошта мекен-жайы: lomonosov_scooll@mail.ru

Конкурс жарияланған уақытша бос лауазымының атауы:

1. Математика пәні мұғалімі- 16 сағат (оқыту тілі қазақша); 

2. Математика пәні мұғалімі- 15 сағат (оқыту тілі қазақша -10 сағат,  оқыту тілі орысша- 5сағат); 

3. Бастауыш сынып мұғалімі- 16 сағат (оқыту тілі орысша);

4. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- 8 сағат (оқыту тілі қазақша)


Бір айдағы еңбекақы мөлшері:

-математика пәні  мұғалімі: 181394- 239352 тг

-бастауыш сынып мұғалімі: 181394-239352 тг

-орыс тілі пәні мұғалімі: 90697-119676 тг


Конкурс жарияланған күн: 03.08.2023

Лауазымдық міндеттері

  • Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
  • Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
  •  Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
  •  Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
  • Электронды журналдарды толтырады.
  •   Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
  • Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
  •  Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
  •  Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
  • Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
  •  Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
  •   Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
  •  Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
  • Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
  • Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
  • Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
  •  Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

-  Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.


Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек

Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

 -педагогика мен психологияны,

 -пәндіоқытуәдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

-оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

-еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.


Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

-Тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) еңбек өтілі жоқ үміткерлер кемінде 15 минутқа созылатын 720 x 480 рұқсатымен видеопрезентация ұсынады;

12)Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:  03 тамыз- 11 тамыз 2023 жылғы күндері арлығында.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Ломоносов атындағы

орта мектебі» КММ-нің сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні- 11.08.2023 ж.


Уақытша бос лауазымның мерзімі: 

-математика пәнінің мұғалімі (16 сағат): бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы  уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына дейін (24.05.2024 ж.) 

- математика пәні мұғалімі (15 сағат) тұрақты жұмыс;

-бастауыш сынып мұғалімі: қазақ сыныптарында- уақытша жұмыскерді алмастыру уақытына дейін (31.12.2024), бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныптарында- тұрақты жұмыс.

- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: тұрақты жұмыс.


Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8723-38-29-623, электрондық пошта: lomonosov_scooll@mail.ru



Жүктеп алу: Қосымша 10, 11, 12  osymsha-10-11-12.docx [22,13 Kb] (cкачиваний: 18)
Посмотреть онлайн файл: osymsha-10-11-12.docx