21
октябрь
2022
"Көңілді үзіліс" ойындары
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі " М.Ломоносов атындағы орта мектебі " КММ-де балалар жылы аясында жаратылыстану-математика пәндер бірлестігі ұйымдастырған "Көңілді үзіліс" ойындарынан үзінді. Бала дарындылығын анықтап, дамыту әр педагогтің міндеті болып саналады, сабақ өткізу мен қатар балалардың қызығушылығын туындататын осындай іс-шара өткізу міндетті. Әртүрлі тақырыптағы ойындар, соның ішінде "Кегли", "Аквариумдегі балықтар", өзекті тақырыптағы постерлер құру және оны қорғау, "Жіппен жазу жазу" интелектіні дамытуға арналған шағын ойындар сабақ арасындағы үзілісте ойнатылды. Ойынға 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылардың үзілісі көңілді болды деген сенімдеміз. Алдағы сынақтарды жақсы өтіп, тоқсан қорытындысында жеткен жетістіктері мол болсын деп тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/Cj9apx7qrA2/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/CkxswixKHtc/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/Cj9apx7qrA2/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/CkxswixKHtc/?utm_source=ig_web_copy_link