07
декабрь
2022
«Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» дөңгелек үстел
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі «М.Ломоносов атындағы орта мектебі»КММ-де «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясының қарсаңында кәсіподақ төрайымы Тлегенова Ж.У мен мектеп психологі Молжигитова А.Д ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» дөңгелек үстел өтті.
Негізгі мақсаты: зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы , адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Отбасы-бұл қоғамның бір бөлшегі. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
Бүгінгі өткен дөңгелек үстел барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мәлімет берілді. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы. Сондықтан дөңгелек үстел барысында мектеп ұжымы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар мұғалімдер интернет желісінен, теледидардан көрген білгендерін айтып, бұл көкейкесті жағдай бойынша біраз мағлұмат берді.
Арнайы дайындалған бейнефильмдер мен презентацияларға кезек беріліп, тақырыптан алған түсініктері мен алған әсерлерін ортаға салды.
https://www.instagram.com/p/Cl3nck3KH2-/?utm_source=ig_web_copy_link