Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел » КГУ"Средняя школа имени М.Ломоносова"
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел
22
ноябрь
2022

Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі "М.Ломоносов орта мектебі" КММ-де «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Жиналыс барысында мектеп психологі Молжигитова А.Д. "құқық бұзушылық" терминіне түсініктеме беріліп, оның түрлері мен зардаптары жайлы айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оқушыларға кеңестер берілді. Әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы түсіндірді.
Мектеп тәлімгері Тлегенова Л. Е оқушыларға мектепте және қоғамдық орындарда ережені ұстану, білімдерін жетілдіруге, адамгершілік және отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, заң талаптарын және мектеп жарғысын бұлжытпай орындауға сақтауға шақырды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
​https://www.instagram.com/p/ClMFwoXqaKj/?utm_source=ig_web_copy_link​​​