07
декабрь
2022
“JELTOQSAN- 86” ардагерлерімен кездесу
Шығыс Қазақстан облысы басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Ломоносов атындағы орта мектебі" КММ-де Қазақстан Республикасының 31 жылдығы қарсаңында Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де батыл, намысты ұрпақ тәрбиелеу және құрметті азаматтарды тану, оларға құрмет көрсету мақсатында “JELTOQSAN- 86” ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге “JELTOQSAN- 86”, “Невада - Семей” қоғамдық бірлестіктерінің ардагерлері, Семей ядролық полигонның жабылуына белсенді түрде ат салысқан жерлестеріміз Ақылбаев Бақболат Сағымбайұлы және Байгундинов Қайырхан Қазбекұлы келді. Қонақтар өз басынан өткен желтоқсан оқиғаларын әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
#ulan_ishki_sayasat
https://www.instagram.com/p/Cl2rgwpKA0K/?utm_source=ig_web_copy_link
#ulan_ishki_sayasat
https://www.instagram.com/p/Cl2rgwpKA0K/?utm_source=ig_web_copy_link