эвакуациялау бойынша оқу-жаттықтыру сабағы
2022 жылғы қазанның 18 күні «М.Ломоносов атындағы орта мектебі»КММ ғимаратында өрттің пайда болу жағдайында мектеп қызметкерлері мен оқушыларды эвакуациялау бойынша оқу-жаттықтыру сабағы өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты өрт қауіптігі мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге өткізу амалын қалыптастыру болып табылады. Оқу-жаттықтыру сабағы барысында ғимаратта болған барлық адам толық құрамда эвакуацияланды. Оқу-жаттығу іс-шаралары ұйымшылықпен өтті.